Көрнекті педагогтың айтқан сөздері балаларды дамытуға қызыққан адамдардың ата-аналар мен мұғалімдердің ойларын нақты береді. Әр бала өз бойында құстың талабын оята білсе, ол қоршаған ортаның әсемділігін көре біліп табиғатты поэзияны, музыканы түсініп қуана таңдана білуді үйретеді. Сөйтіп оның сезімі бұрынғыдан да ашық болып, өмірі таза болады. Бала зерттейді, ерте балалық кезден бастап шығармашылықпен айналысады. Оның талабы шексіз айтып боларлықтай емес. Зерттеу қызметінде ең басты кезектегі орыны балалар мен мұғалімдер, ата-аналармен тығыз біріккен еңбегі алады. Олар баланың тапқырлығын қажетті арнаға бағыттайды. Зерттеу қызметінің мақсаты шығармашылық тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау.
Балаларды әртүрлі мәселелер мазалайды. Конкурстағы оқушылардың шығармашылық және зерттеу жұмыстарының көрстілілімі мен қорғауы оқушылар үшін мейрамға айналады, мұнда оқушылар өз еңбегіне сәйкес құзырлы , әділ қазылар алқасының бағаларына ие болады.
Осындай білім мен шығармашылық мейрамы біздің қаламызда №37 ЖОМ-нде 2017 жылдың 14 қазанында өткізілді. 1-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» атты Республикалық конкурстың зерттеу жұмыстары мен жобаларының қалалық кезеңі өтті. Конкурсқа №17 ЖОББСОБМ-нен 9 жұмыс ұсынылды. Қорғауға барлық жобалар жіберілді.
Конкурсқа қатысушылардың зерттеу нысаны болып өнер, табиғат, ғылым, тіл білімі әлемі болды. Біздің оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобаларының қорғауы келесі секцияларды өткізілді: экология, валеология, физика, техника, химия, биология; орыс тлі мен әдебиет.Қалалық конкурс біздің балаларға әр түрлі саладағы өздерінің еңбектерімен алмасуға мүміндік берді, қалалық мектептер арасында дарынды балалар мәртебесін көтерді. Конкурсқа қатысушылар өздерін нағыз ғалым ретінде сезініп, өзара қатынаста мүдделері бір оқушыларды таба білгені туралы айтты.
Конкурс жоғары деңгейде өтті. Конкурс жеңімпаздары мне жүлдегерлері дипломдармен марапатталды.
Конкурс қорытындысы бойынша 5 «Г» сынып оқушысы Авилхан Нұртірек «Қазақстандағы шипалы өсімдік –шырғанақ» атты жұмысы бойынша ІІ дәрежелі Диплом алды, 4 «В» сынып оқушысы Соколов Александр «Табиғи шырынды сен ішесің бе?» атты зерттеу жұмысы бойынша ІІІ дәрежелі Дипломды алды, 5 «Б» сынып оқушысы Граблева Аделина «Креативті қуыршақ құру» атты жоба бойынша ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Біздің жас зерттеушілерді құттықтаймыз!!!Олар - біздің мектептің мақтаныштары.
Үлкен ашылулар кішкентай жеңістерден басталады. Кішкентай зерттеушілерге облыстық және республикалық жарыстарда табыс тілейміз!
3 «А» сынып жетекшісі
Цымбал О.В.
Шығар, зертте, байқа!