Мектепішілік олимпиада
Қазанның 28- күні мектепішілік пәндер олимпиадасы өткізілді.. Олимпиаданың мақсаты – қабілетті, дарынды оқушыларды анықтай отыра, алған теориялық білімін, оны тәжірибеде қолдана білу іскерлігін анықтау. Олимпиада барлық пәндерден болды. Қазақ тілі пәнінен олимпиадаға 4 – сынып оқушылары өте белсенді қатысты. Жүлделі орынға ие болған оқушылар аз емес. Жеңімпаздар екінші тоқсанның жиынында дипломдармен марапатталатын болды.
Қазақ тілі пәні мұғалімі: Шойынбаева Н.Н.