Қаламыздың көркемсурет мұражайында ұйымдастырылған «Қазақстан суретшілерінің кенебіндегі әйелдер бейнесі» атты көрмесін 4 «В» сынып оқушылары да тамашалады. Портреттер галереясы арқылы балалар Қазақстан суретшілерінің көптеген туындыларымен танысты. Экскурсия жетекшісінің Қазақстан өнері туралы әңгімесін қызығушылықпен тыңдай жүре, ұлттық портреттердің ерекшеліктеріне де назар аударды. Осы жолы мұражай қорынан көрмеге 70-тен аса туындылар қойылған екен..
Кіріп кетсең әсемдікке жіпсіз байланып, шырмауынан шыға алмайтын тылсым әлем секілді. Мұражайды бір сағаттан ары араласақ та, сұлулыққа тамсанған, тойымсыз көздеріміздің құмары қанбады. Өнерді түсіну үшін, сезіну, әсер алу үшін мұражайға барып, өнер туындыларын өз көзімізбен көргенімізге риза болып қайттық.
Сынып жетекшісі: Бәтима Қайроллақызы Урманшинова