Биылғы оқу жылында мектебімізде арнайы жабдықталған «Шахмат» үйірмесінің кабинеті жұмысын жалғастырды. Әдемі, тартымды кабинетке бүкіл мектеп оқушылары жиналатын болды.
Шахмат – балаларға жағымды эмоция, рахат сыйлайтын көнеден келе жатқан қызықты ойын түрі. Ол баланың ойлау қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейтіп, ойлауға, мұқият болуға, есте сақтауға, салыстыруға, жалпылауға, өз қызметінің нәтижелерін алдын ала көруге үйретеді.
Күзгі демалыста мектебімізде қызықты шахмат турнирлері өтті. 4 «Б» сынып оқушылары Катышев Алеша мен Умуртан Амина да белсенді қатысты. Алеша 5 ұпайдың ішінен 4 ұпайды жеңіп алып, 2 –ші орынға ие болды. Амина мұндай сайысқа алғашқы рет қатысып, өзіне тәжірибе алды. Балаларды алғашқы жеңістерімен құттықтаймыз және де осымен тоқталмай, жаңа табыстарға жетуді тілейміз!
Сынып жетекшici: Шакенова Л.Е.