Менің медбике мамандығын таңдауымның себебі, адамдарға көмектескім келеді. Адамдар ауруханада жатқанда, оларға жылу, қатысу, еркелететін сөздер жетпейді. Медбике дәрігерлерден гөрі аурулармен көбірек бірге болады, сондықтан ол ауру адамды жұбата алады.
Медбике мамандығы ең ізгі , инабатты және алғысқа толы мамандық. Мен үшін бұл мамандық өмір, ықыласыма айналып шыңайы қызметке айналып, сонымен қатар адамдардың саулылығына айналды. Шыдамдылық, төзімділік бөтен адамдардың ауруына аяушылық білдіру сияқты қасиеттер медбикенің кәсіби, жауапты өз міндетін атқаруға көмектеседі.
Медбике еңбегін мойындаудың жоғары дәрежесі – бұл аурудан жазылып кеткен ,десаулығын қалпына келтірген өз күшіне сенім болып, денсаулыққа ие болған адамдардың бақытты жүздері. Ұстамдылық және төзімділік медициналық мамандқтың негізі, бүкіл медицина осы қасиеттерге сүйенеді.
Мармурова Дарья
8 «В» сынып оқушысы