«Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес....» Бұл 4 «Д» сынып оқушысы Мауер Луизаның шығармасынан алынған сөздер. Достық туралы ой –толғауымен Луиза қараша айында өткізілген республикалық шығармалар сайысына қатысты. Онлайн -сайысты «Дарабоз» оқу орталығы ұйымдастырған болатын. Нәтижесінде Мауер Луиза « Менің достарым» номинациясы бойынша III орынға ие болды. Республикалық «Дарабоз» оқу орталығынан III дәрежелі Дипломмен Луиза марапатталса, анасы Елена Алексеевна да қызының жетістігі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Жарайсың, Луиза!
Сынып жетекшісі: Г. Б. Темирова
Жетістіктері үшін марапат