Павлодар қаласы №17 ЖОББСОБМ 5-6 сыныптар арасында
Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында
«Қазақстан туралы білесің бе?» атты викторина ойыны 14 желтоқсан күні өткізілді.
Викторина ойының мақсаты:
Рухани жаңғырудағы патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты бойына сіңіру. Тәуелсіздіктің жетістігі мен 26 жылда жүріп өткен жолдарымен артта қалған тарихи белестермен таныстыру.
Викторина ойынға 5-6 ысынып оқушыларынан құралған 3 құрама «Білгіштер», «Алғырлар» , «Тапқырлар» топтары қатысты. Викторина I.Таныстырылым II.«Менің Қазақстаным» III.Полиглот IV. «Өз елің - алтын бесігің» деп аталатын 4 кезеңнен тұрды. Оқушылар викторина ойынға аса қызығушылықпен және өзара нағыз бәсекеге түсіп, сайыстың сәнін кіргізді. Сайыста білімі мен біліктілігін көрсетіп көзге түскен Азиз, Әділ, Нұртірек,Алихан,Анель,Аят,Айбек,Жасмин,Бинұр,Айгерім т.б оқушыларды атап өтуге болады. Ойын соңынды жүзден жүйрік дегендей
1-орын «Алғырлар»
2-орын«Тапқырлар»
3-орын «Білгіштер» орындарға ие болды.
Ұйымдастырып өткізген: Павлодар қаласы №17ЖОББСОБМ тарих және география пәні мұғалімі Хажихан Баршагүл