Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
21-ақпан күні № 17 ЖОББСОБМ бала-бақша тәрбиешілері мен болашақ 1-сынып ата- аналарына арналған семинар өткізілді
23-02-2018 21:10
21-ақпан  күні № 17 ЖОББСОБМ   бала-бақша тәрбиешілері мен болашақ 1-сынып ата- аналарына арналған семинар өткізілді

21-ақпан күні № 17 ЖОББСОБМ бала-бақша тәрбиешілері мен болашақ 1-сынып ата- аналарына арналған семинар өткізілді. Бұл семинарға №53,34,12 бала-бақшаларының дайындық сыныптары тәрбиешілері қатысты. Семинарға қатысушылардың назарына бастауыш қазақ сыныптары мұғалімдері ашық сабақтар көрсетті. Атап айтсақ, 1-сыныпта Жазкей Сайрагүл сауат ашу пәнінен «Ю әрпі мен дыбысы» тақырыбындағы сабағын, 2-сыныпта Бақытжан Кәкімқызы Смагулова математика пәнінен «Көбейту мен бөлуге берілген теңдеулер. Қазақ халқының музыкалық аспаптары» тақырыбында, 4-сыныпта Қорлан Сабырбекқызы Искакова дүниетану пәнінен «Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбында, ағылшын тілі пәнінен де Сандуғаш Мейрамқызы Елшібаева 2-сыныпта «Сандар» тақырыбында ашық сабақтар көрсетті. Сабақтар жоғары деңгейде бағаланып, өте тартымды өтті.
Сонымен қатар келген қонақтарға мектеп жайында, болашақ 1-сыныпты қабылдайтын мұғалім жайында мағлұмат беріліп, таныстырылым көрсетіліп, арнайы экскурсия өткізілді. Мектептегі хор, вокал, домбыра жетекшісі Жазкей Еркеш және би үйірмесі жетекшісі Мананникова Татьяна Владимировна өз жұмыстарынан шағын концерт көрсетті.
Семинар соңында мектептің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Ақмарал Темірболатқызы Машрапова мектеп туралы, мектептегі қазақ сыныптарының оқу-тәрбие жұмыстары жоғары деңгейде өтетініне тоқталып, жетістіктері туралы атап өтіп, болашақ 1-сыныптың ата-аналарын мектебімізге шақырды.
Келген қонақтар сабақтар өте тартымды, мазмұнды болғанып айтып, өткізілген концерттен үлкен әсер алғанын атап өтіп, семинар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.