Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тіл және мен» үштілді викторина қорытындысы
31-03-2018 10:17
«Тіл және мен» үштілді викторина қорытындысы

Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Осы заман талабына сай мектебімізде көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын қамту мақсатында 2018 жылғы 28 наурыз күні 5 «Г» және 6 «Г» сыныптары арасында «Тіл және мен» сайысы өтті. Сайыс 5 кезеңнен құралды. Әр кезеңде командаларға ұпайлары берілді. Командалар өзінің тобының атын, ұранын үш тілде құрастырды. Сайыс барысында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен терең білімдерін көрсете алды. Нәтижесінде «Ең жүйрік» номинациясына «ТҰЛПАР» тобы иеленсе, «Ең алғыр» номинациясына «ARMY» тобы иеленіп, ал «FRIENDS» тобы «Ең тапқыр» номинациясынаие болды. Оқушылар іс-шараға қатысқан уақытта жоғары қызығушылық танытты.
Мұғалімдер: К.К.Кашкимбаева, С.М.Елшібаева, К.Ж.Смагулова