Мектепішілік ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар сайысының қорытындысы бойынша №17 ЖОББСОБМ-нен үздік зерттеулерді көрсеткен 12 оқушы қалалық «Бастауыш оқушылар арасындағы зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жобаларды қорғау» сайысында өзінің зерттеушілік қабілеттері мен шығармашылықтарын көрсете білді. Бұл сайыс 29 наурыз күні №34 ЖОМ базасында өтті. Біздің мектеп атынан 11 оқушы, 10 жобаны қорғауға аттанды. Біздің зерттеушілерді тарих, табиғат, физика, экология, тіл білімі, өнер әлемі қызықтырды. Балаларды зерттеуге деген құштарлық, табиғи білуге құмарлық және қызықтыратын сұрақтарға жауап іздеу құштарлығы біріктіреді. Сайыстың барлық қатысушылары сертификат алды, үздік жұмыстар дипломдармен марапатталды.
Сайыс қорытындысы бойынша бізде 5 жүлделі орын: Финько Вилена 3а сынып оқушысы, «Біздің терезеде ғажайып бау-бақша өседі» жұмысы үшін І дәрежелі дипломмен, 4а сынып оқушысы Бейсембаева Адина «Орыс тіліндегі фразеологизмде жануарлар кейпі» атты зерттеу жұмысы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектептің ең жас қатысушысы 1б сынып оқушысы Сулейменова Анель «Мен қасықты қолға алып, ғажайып ертегі шығарамын» атты шығармашылық жобасы үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар 4а сынып оқушысы Красильников Богдан және Носенко Егор адам өміріндегі қағаздың рөлі мен оның қайта қолдануы жайлы зерттеуі үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2 г сынып оқушысы Абсагиев Нұртас «Ұн шай» атты тарих саласы бойынша зерттеуі үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Біздің жас зерттеушілерді құттықтаймыз! Бүлдіршіндер, Сіздердің таланттарың үшін Рахмет!
О.В.Цымбал