Сәуір айының 15 күні мектебімізде тәрбие ісінің меңгерушісі Смаилова Батима Сайфуллақызының ұйымдастыруымен өткен Жұлдызды отбасы-2018 отбасылық байқауы өтті. Бұл байқауға әр отбасы белсене қатысумен қатар өз өнерлерін ортаға салды. Оқушыларымыздың ата-аналары керемет дайындықпен келгені,байқауға ат салысқаны бізді қуантады. Жұлдызды отбасы-2018 байқауына 5 отбасы өнер көрсетті. 1 Д сыныбының оқушысы Г.Жаркин ағасы 4 Е сыныбы Н.Афанасьев көрермендерге заманауи биді тарту етсе,4 Г мен 2 Г сынып оқушылары апалы-сіңілі Томирис,Малика Мұқановалар ата-анасымен мәнерлеп өлең оқып,қазақтың ұлттық биін билесе 5 Г сынып оқушысы Ж.Калиева әпкесі М.Баяндиновамен патриоттық ән айтумен қатар каратэмен шұғылданатындарын әңгімелеп,бірнеше жаттығу көрсетті. Әрі қарай 1 Е сыныбының оқушысы А.Бауыржан бауыры Х.Бауыржанмен якутия халқының ұлттық биін билеп берумен ерекшеленсе 1Д сыныбының оқушысы М.Заварина мен сіңілісі В.Заварина отбасы туралы өлеңдерін тарту етті. Жұлдызды отбасы-2018 байқауының қатысушыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Бас жүлде Мұқановтар отбасына бұйырды. Жалпы тәрбиелік мәні бар,таланттарын шыңдайтын байқаулардың жиі болғаны нұр үстіне нұр.
Жұлдызды отбасы – 2018