Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
экскурсия
10-09-2018 11:19
 экскурсия

4 қыркүйек күні, біздің 5"А" сынып жетекшісі М. Г. Паршукованың басшылығымен қаламыздың ең қызықты орындарының бірі-Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи - өлкетану мұражайына бардық. Экскурсия ерекше болатынын сездік. Мұражайда маңызды тарихи оқиғалар туралы естеліктер сақталған. Біздің өлкеміздің тарихы мен мәдениеті туралы көп пайдалы және жаңа мәлімет алдық. Алдымен көз алдымызда біздің түкпір жерлердің суреттері ілінген. Табиғатта бәрі өзгеріске ұшырайды, ал мұражай осы өзгерістерді сақтауға тырысады. Мұражайда табиғатқа арналған бөлме, этномәдени зерттеу және қолданбалы өнер орталықтары бар. Экспозицияда бірегей экспонаттар ұсынылған: мамонт қаңқасы, үлкен мүйізді бұғы, пайдалы қазбалар үлгілері, алғашқы қауымдық өркениет заттары. Біз мұражайда уақыт машинасымен бірге өткенге саяхат жасаған сияқты болдық. Қызықты экскурсия үшін үлкен рахмет!