Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұланбасы» сайлауы
10-10-2018 15:42
«Ұланбасы» сайлауы

                                        Өзін-өзі басқару күні
№17 ЖОББСОБМ-нде 5 қазан күні күндегідей сабақтар кесте бойынша болып, жаңа тақырыптар өтіліп, үй тапсырмалары тексеріліп, күнделіктерге де бағалар қойылды.Мектеп директоры және оның орынбасарлары оқуышларды қарсы алып сыртқы түрлерін және сабаққа қатысуын тексеріп, сыныпты аралап шықты. Жалпы, барлығы күндегідей болса да, мектеп қызметінің қалыпты атқаруын қамтамасыз етіп, осындай үлкен жұмысты атқрған оқушылар болды. Бұл күні өзін-өзі басқару күні еді . Мұғалімдер күні қарсаңында оқушылар мұғалімдердің барлық қызметін қабылдап, оларға оқушылар ретінде , мектеп өміріне, балалық шаққа оралуға мүмкіндік берді.
Мектеп басшыларының қызметін лайықты түрде атқарған жас жігіттер мен қыздар, жоғары сынып оқушылары ретінде тану қиын болды. Мектеп директоры Мастепанюк Алина Александровна және оның орынбасарлары Новиков Роман Константинович, Жусупекова Аида, әскер жетекшісі Абдрахманов Айдар және әлеуметтік педагог Ныгмеджанова Дильназ ( 11 сынып оқушылары ) тек қана оқушылардың ғана емес мұғалімдердің сыйлығына бөленді. Оларға барлығы таңқалып қарады десек артық болмайды. Бұл күнді оқушылар да мұғалімдер де асыға күтті. Мұғалімдер орындаушы рөлін атқарса, оқушылар жауапкершілігі мол қызметті атқарды. Мұғалімдерге кешегі оқушылардың аты және тегімен атауға тура келді. Мұғалімнің мамандығы ауыр және құрметке ие болатын. Мамандық екені сезілді. Мектеп бітірушілердің осы мамандықты таңдайтындары бұл қызметтің әртүрлі қырын көрді. Өзін-өзі басқару күні педагогикалық кеңеспен аяқталды. Оны мектеп директорының міндетін атқарған Мастепанюк Алина басқарды. Оның орынбасарлары істелінген жұмыс туралы есеп берді.Бұл күн оқушылардың басқару деңгейін жаңа дәрежеге жеткізу керектігін көрсетті.
ТЖДО орынбасары: Нұржанова Б.Н.

 

 

 

«Ұланбасы» сайлауы
№17 ЖОББСОБМ 2018жылдың 9 қазанында «Ұланбасы» сайлауы өтті. «Ұланбасы» - Жас Ұланның» көшбасшысы- мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқарудың басы болып, оқушылардың қоғамдық жұмыстарын басқаратын,әртүрлі әлеуметтік жобалар, іс-шараларды ұйымдастырады.
«Ұланбасы» сайлауы құпия сайлау кезінде жалпыға ортақ тең, тікелей сайлау құқығы негізінде өткізілді.
«Ұланбасы» сайлау ережелеріне сәйкес, бұл қызметке 8-11 сыныпарасындағы сыныпта, мектепте беделі бар, «4» пен «5»–ке оқитын оқушылар бола алады. Белсенді сайлау құқығы 5-11 сынып оқушылары мен мектеп педагогтарына берілді. Сайлау қарсаңындағы аптада, сайлау комиссиясында екі кандидат: Бисимбаев Ильяс – 8 «А» сынып оқушысы және 10 «А» сынып оқушысы Устюгова Анастасия тіркелді.
Дауыстар санын сайлау комиссиясының мүшелері есептеді. Сайлау комиссиясының құрамына 11 сынып оқушыларының жетекшісі Асаинова М.Д. кірді.
Сайлауға 5-11 сынып оқушылары мен педагогтардан тұратын 113 сайлаушы қатысты.
Сайлау белсенді және қызықты өтті. Сайлау комиссияның сайлау үдерісінде құқық бұзушылығы болмады. Бақылаушы тарапынан ескертулер мен келіспеушіліктер сайлау комиссиясы тарапына түспеді.
Бисимбаев Ильяс –55 дауыс, Устюгова Анастасия -58 дауысқа ие болды.
Қорытынды сайлау нәтижесіне Устюгова Анастасия көп дауысқа ие болды. Сайланған «Ұланбасын» ұлықтау рәсімі 2018 жылдың 12 қазанында өтеді.

ТЖДО орынбасары: Нұржанова Б.Н.