Тәуелсіздік Күні.
Тәуелсіздік Күні. 14 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерт өтті. Павлодар облысы білім беру басқармасының Дене тәрбиесі өңірлік оқу - тәжірибелік орталығының жетекшісі Р. М. Қасқырбаев және оның орынбасары В. В. Корякин құрметті қонақтар ретінде шақырылды. мектептің дене тәрбиесі мұғалімдеріне арнайы марапаттар табыс етілді. Помазанова П. Ж. Құрмет грамотасымен, ал Скляр О. В. төс белгісімен марапатталды. Концерт барысында Қазақстан туралы әндер шырқалып,би биленді. Кішкентай әртістердің қойылымдары кәсібилігімен ерекшеленді. Көрермендер іс-шараға қатысқан Жазкей Е., Мананникова Т. В., Сұлтанова Т. С., Шаповалова Н.В. мұғалімдер мен оқушыларға қол шапалақтарын аямады. Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймыз!