«Тарих және география» апталығы
Павлодар қаласының №17ЖОББСОБМ «Тарих және география» апталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған іс-шараларға толы болды.Іс-шараның шымылдығын жоспарға сәйкес 5 «Б» сынып оқушылар арасында өткен «Мен патриот» атты викторина ойынымен басталды. Викторина қызықты, тартымды әрі есте қаларлықтай дәрежеде өтті.Оқушылар Қазақстан тарихының ежелгі ,орта ғасыр тарихымен қазіргі заман тақырыптарын қамтылған сұрақтарға жауап берді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің өмірбаяны туралы фактілер мен қызықты мәліметтер негізінде шағын викторинаны география пәні мұғалімі Т.М.Смайлова өткізді.
13 желтоқсан күні Павлодар қаласының №17ЖОББСОБМ «Тарих және география» апталық жоспарына сай Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы» атты слайд-лекцияны 8 сыныптар арасында тарих пәні мұғалімі Д.Б.Омаров өткізді.Оқушылар ұстазбен бірге Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды оқиғалармен қезеңдерді анықтады.
2018 жылғы 14 желтоқсан күні Павлодар қаласы №17ЖОББСОБМ жылдағы дәстүрге сай тарих және география апталығы сән салатанатпен атап өтті.Айтулы апталықта киелі де қасиетті мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған іс-шаралар,сайыстар, викторина, көрмелер ұйымдастырылды.Солардың негізгісіне тоқталсақ: «Тәуелсіздік мақтанышым» атты интеллектуалдық-танымдық сайыстың орны ерекше болды.Сайысқа 5-7 сыныптар арасында құрама топтардан жабдықталған.
« ҚЫРАН», «СҰҢҚАР», «ТҰЛПАР» топтары өзара білім сайысқа түсті.Сайыстың мақсаты өзара ұжыммен жұмыс істей білу,коммуникативтік-құзыреттілікке тәрбиелеу,өз ой-пікірлерін білдіру барысында Отанды сүюге,өз елінің тарихын терең білуге бағытталды.Сайыс төмендегідей 7 кезеңнен тұрды.
1. «Кел, танысайық!»
2.«Тарихи викторина»
3. «Тұлғаны тап!»
4. «Тарихи очерк» («Ұлы даланың- жеті қыры»)
5. «Кім жылдам?»
6.«Суретші»
7. «Политолог».Сайыс қызықты әрі жылдамдықпен зияткерлікті қажет еткен бәсекеге толы болды.Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығар дегендей 1-орын « ҚЫРАН», 2-орын«ТҰЛПАР», 3-орын «СҰҢҚАР» тобы жеңіп алды.
8 «Г» сыныбында «Тәуелсіздігім еркіндігім» атты викторина өз деңгейінде жақсы ұйымдастырылып өткізілді.Староста Диана,Сәуле, Еркежанға балалар алғысын айтты.Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын.Еліміз аман,Жұртымыз тыныш болсын.
Ұйымдастырып өткізген тарих және география пәні мұғалімі:Хажихан Баршагүл
2018 жылғы 14 желтоқсан күні «Тарих және география» апталығына орай тарих пәні мұғалімі Б.Н.Нұржанова 10 «Б» сыныбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер тақырыбында блиц-турнир өткізді.Оқушылар мемлекеттік рәміздер жөнінде білімдерін көрсетіп қана қоймай,өз ой-пікірлерін білдірді.
Павлодар қаласының №17ЖОББСОБМ «Тарих және география» апталығы кезінде яғни 10-15 желтоқсан аралығында тарих және география пәні мұғалімі А.Х.Дандина көрме ұйымдастырды.
Ол көрмеге 5 және 8 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары қойылды.Ең үздік жұмыстар сый сипатпен марапаттауға ұсынылды.
«Тарих және география» апталығы кезінде яғни 10-15 желтоқсан аралығында тарих және география пәні мұғалімі Б.Хажихан көрмеге оқушылардың жұмысын ұйымдастырды.Оқушылар жаңартылған бағдарламаның мазмұнына сәйкес өздерінің қолданбалы туындыларын жасап әкелді.Олардың ішінде діни наным –сенім тақырып бойынша әртүрлі тұмар жасаған.5 «Г» сынып оқушылар өте белсенді қатысты.7 «Г» сыныбы материктер тақырыбы бойынша пазлдарын құрбыларымен бірге құрастырды.