Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
15 мамыр күні мектебімізде «Отбасылық тәрбие - өнегелі ұрпақтың азаматтығын қалыптастырудың негізі" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс ата-аналарды отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға тарту, олардың жауапкершілігін арттыру және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру мақсатында өткізілді. Директордың міндетін атқарушы Г.М. Ниязбекова жиналған қауымға өз сөзін сөйледі. «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламаның іске асырылуы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.С. Смаилова айтып өтті. Оқушылардыңжетістіктері, педагогтардың құрамының жетістіктері, әсіресе, 9-11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясының ерекшеліктері туралы директордыңоқу ісі жөніндегі орынбасары М.Әубәкірова ақпарат берді. Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасы жөнінде мектептің Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі А.А. Красильникованың сөзінде айтылды. Мектеп психологы Л.С. Овчарова балалардың компьютерге деген тәуелділігін тоқтату әдістері туралы ата-аналарға нұсқау берді.