2019 жылдың 24 қазан күні Павлодар қаласы №17 ЖОББСОБМ-нде әдістемелік күні өтті. Негізгі іс-шараның мақсаты: ата-аналардың қажеттілігін қамту, мектеп пен әлеуметтік орта арасындағы кері байланысты іске асыру. Ата-аналар үшін келесі ашық сабақтар өткізілді: 5б сыныбында математика сабағы /мұғ. Шевченко Л.В/, 2 а, 5б сыныбында ағылшын тілі сабағы/мұғ.Паршукова М.Г, Нұғманова Ә.Т/, 3а, 5б,4в сыныптарында қазақ тілі сабағы /мұғ. Сарсенова Г.М, Оспанова А.Е, Нұрбаева Д.С/, 2в, 4д сыныптарында орыс тілі сабағы /мұғ. Басанец В.В, Лукашова А.И/, 6б сыныбында Қазақстан тарихысабағы /мұғ. Дандина А.Х/. Ата-аналар балалардың жаңартылған бағдарламаны меңгеруінқадағалады. Ашық есік күні- бұл оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мектеп әкімшілігі арасындағы бірлікті түсінуін жариялайтын күн. Олар тек бірігіп істеумен шектелмей, ұжымның үздіксіз тұтастығын көрсетті. Біздің мектеп ата-аналарды педагогикалық ұстанымдарымен, мақсаттары, міндеттері, өз қызметінің бағдарламасымен, тәрбие жұмысының жоспары мен бағыттарымен таныстырып, олармен бірігіп, мектеп бағдарламасының іске асыру жолдарын іздеуге тырысады. Ашық есік күні – бұл білім беру үдерісіне қатысушылардың жағымды диалогі.
Мектептегі ашық есік күні