Тарихи оқиғалар, естеліктер, құндылықтар өмірімізге мейірімділік пен махаббат, жауапкершілік пен сенімділік деген түсініктерді қалыптастырады. «Отан отбасынан басталады» деген мақал бәрімізге мәлім. Әр отбасыда ұрпақтан ұрпаққа қалдырылған заттар бар шығар. Отбасылық реликвияларды сақтай отыра, бұның материалдық жағдайы жағынан емес, тарихи рухани жағынан нақты құнды екеніне көңіл бөлмейміз де. Осы мақсатта 2 «Е» сыныбында «Отбасылық жәдігерлер» атты жоба өткізілуде. Жобаның болжамы: егер отбасы мүшелері отбасылық жәдігерлердің тарихына қызығушылық аттырып, қадірлеп сақтай білсе, жас буынның рухани-адамгершілік дамуында отбасылық жәдігерлер мен құндылықтар ұрпақтар сабақтастығы мен мəдениетін жəне отбасылық қарым-қатынас дәстүрлерін сақтап қалуында зор үлес атқарады. Осы тақырып бойынша алғашқы сынып сағаты өтті, себебі әр оқушы өз тарихы, отбасы тарихы, руы туралы ортаға салса, біз бір–біріміз туралы одан да көп білеміз және жаңалық ашамыз деп үміттендік. Сынып сағатына оқушылар отбасылық заттарымен келді. Ангелина Зернова әжесінен естелікке сақталып жүрген қобдишасын көрсетті. Евгений Квашнин ескі монеталарды әкеліп, балаларға таныстырды. Сережа Майоров отбасылық жәдігер, саз балшығынан жасалған әкесінің ойыншығы туралы әңгімелеп берсе, Роберт Галицкий әжесінен қалған естелік – кестелеп тігілген орамалмен қызықтырды... Өткенді еске алып, көп нәрсені білуге болады. Өмір өзен сияқты, біреуін жуып–шайып, біреуін есте сақтап, тоқтамай ағып барады. Өкінішке орай, ата–бабаларымыздың өмірлерінен тек біраз ғана кезеңдерін есте қалдырады. «Менің отбасымның шежіресі » тақырыбына 1 «Ж» сыныбының оқушылары да үлесін қосты. Зерттеушілік жұмыспен айналыса отырып, өз отбасыларының шежіресін жасауға тырысты. Бұған ата –аналары да қосылды. Отбасы шаңырағы, туған жердің топырағы қайда жүрсек те бізді тартады. Сондықтан әр адам отбасылық жәдігерлердің тарихын, өз шежіресін білсе, ол өз ата–бабаларын есте сақтап, отбасылық дәстүрлерді қадірлейді. Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.
Г. Б. Темирова