Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаса, Қазақстан!»
12-12-2019 05:05
«Жаса, Қазақстан!»

Біз-Тәуелсіз елдің ұланы!

Біз-Тәуелсіз жердің қыраны!

Көк байрағын көкте ұстар қазақтың

Болашағы, ұлағатты ұрпағы!

            6 «Г» сынып оқушылары  халқымыздың ғасырлар бойы аңсап күткен Ұлы күні-Тәуелсіздік алған күніне арналған «Жаса, Қазақстан!» тақырыбымен сынып сағатын өткізді. Оқушылар өз міндеттеріне толқыған сезім, жүрек жарған мақтаныш, зор жауапкершілік таныту арқылы халқымыз бен тарихымызға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Сынып сағатында өскелең ұрпақ «Тәуелсіздік күні»  еліміздің ең маңызды мерекесі екенін түсінді. Бұл күннің мыңдаған батырларымыздың, ағаларымыз бен апаларымыздың төккен қан, аққан тер, көзден аққан жаспен келген күн екеніне көз жеткізді.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!!!

Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!!!

Сынып жетекшісі:    Талипова Эльмира Ермонтайқызы.