Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: 140000, г. Павлодар, ул. Шевченко 1
8 (7182) 61-30-12 (приемная)
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 16:00 - 18:00, Пятница 9:00 - 12:00
Цель посещения сайта?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
“Жігіт сұлтаны – 2011”
19-03-2011 04:15

Біздің мектепте Наурыз айында көптеген іс – шаралар өткізілді. Солардың ішіндегі он сегізінші наурызда 9-10 сынып ұлдарының арасында өткізілген   “Жігіт сұлтаны – 2011” сайысы деуге болады.

   “Жігіт сұлтаны” сайысына қатысушы оқушылар алдымен өздерін өлең жолдарымен таныстырды. Бұдан кейін сайыс шарты бойынша мақал-мәтел «Отан, еңбек, өнер туралы кемінде әр тақырыпқа бес мақал-мәтел айту еді.» Келесі кезекте олар өзара күш сынасып, аударыспақ ойынын тамашаладық.. Өрендердің сайысқа жаксы даярлықпен келгендігін көпшілікті тәнті етті. Мысалы өзін – таныстырған Нұралин Нұрсұлтан:

Көк байрағын көтеріп,желбіреткен қазақпын!

                                 Түбі бірге бауырды,елжіреткен қазақпын!

                                 Сіздерге бүгін өзін таныстырған

                                 Нұралин Нұрсұлтан Жамбылұлы мен боламын

                                       Жиналған бұл сайысқа барша халыққа

Бас иіп бердім міне, сәлемімді! – деп көпшілікті бір серпілтіп тастады.

    Өз өнерін көрсету кезеңінде азербайжан ұлы Алиев Рашад “Лезгін биін”, қазақ халқының ақыны Ж.Молдагалиевтің “Мен қазақпын” атты өлеңін нақышына келтіре, оқыған Құдайқұлов Абай, “Армандастар” әнді орындаған Тыныбаев Мирланның өнерлеріне жұртшылық риза болды.

     Көрермендерге қызықты болу үшін, әр бөлімнің арасында сынып қыздары өз өнерлерін көрсетті .“Грация” қыздар би тобы “Қамажай” биін биілесе, оныншы және он бірінші  сынып қыздары: Попова Катя, Дюсекенова Дарина, Деменко Анжелика және Мусифулина Алина наурызға арналған ән- өлеңдерін сыйлады.

      Әділқазылар бірінен – бірі асып түскен сайыскер сұлтандарды орынмен емес, номинациямен бағалауды жөн деп шешті. Сонымен Алиев Рашад – “Мықты жігіт”, Тыныбаев Мирлан “Шебер жігіт”, Нұралин Нұрсұлтан  “Өнерлі жігіт”, Құдайқұлов Абай “Жігіт сүлтаны” деген атаққа ие болды.