Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Кездесу
03-05-2011 06:18
Кездесу

«Отан» РОО біздің мектеппен бірлесіп Тамара Ивановна Лобановамен кездесу ұйымдастырды. Оның әкесі Толстошеин Иван Григорьевич көптеген жылдан кейін, соғыс біткеннен соң Украинадан табылды.

Тамара Ивановна өмір бойы әкесін іздеді, әскери комиссариаттарға сұрау салды, барлық жерден «Сіздің әкеңіз хабарсыз кеткен деп есептеледі» деген бірақ жауап алып отырды. Сонда не істерін білмеген ол, әкесінің соғыстан жазған хаттарын қайталап оқыды. «Біз Днепрге немістерді батыруға бара жатырмыз» деп жазылған,  Тамара Ивановна «Егер Днепр болса демек ол Украина» - деп ойлаған және ол қателеспеген екен. Украинаның Чапаевка селосының ескерткіш тақтасында оның есімі, соғыста Отан үшін жан қиған батырдың есімі жазылған.

Кездесуде Тамара Ивановна өзі шақырылған 2009 жылғы 9 мамырда Украинада өткен митингтен видеороликтен көрініс көрсетті. Т.И.Лобанованың айтуы бойынша украиндықтар қазақстандықтарды нан-тұзбен жақсы қарсы алған және жергілікті жердің мектеп оқушылары әлі күнге дейін хат жазып тұрады екен, олар өздерінің тағыда бірнеше солдаттарды тапқандарын жазған екен. Ол іздестіру жұмыстарының әліде болса жалғасып жатқандығын білдіреді.

            Біздің мектепке қайтып келер болсақ, біздің балалар да бостан бос отырған жоқ екен. Даңқ мұражайында Иван Григорьевич Толстошеиннің ескерткіш бұрышы құрылған. Және бүгін ол бұрыш Тамара Ивановна өзімен бірге әкесі жерленген жерден алып келген топырақпен жаңа жәдігермен толықтырылды.

Тамара Ивановнамен болған кездесу өте қызықты болды. Балалар сұрақтар қойды. Ал Тамара Ивановна болса оларға жауап берді.

Ол оқушыларға майданда соғысып жауды жеңіп жеңіске жету үшін өздерінің өмірлерін қиған ата-бабаларын ұмытпауды тіледі.

Сонымен қатар «Отан» РОО төрағасы Айсұлу Мүбаракқызы Ахметова және Николай Александрович Липинде жақсы сөздер, тілектер айтты. Олар із кесушілерге мұражайды жаңа материалдармен және жәдігерлермен толықтыруды тіледі.

Кездесу аяқталғаннан соң кездесуге қатысушылар кітапхана меңгерушісі Людмила Александровна Куценко ұйымдастырған әскери тақырыптағы көрініспен танысты және біздің мақтанышымыз Даңқ мұражайына барды.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Х.Арынова