ІІ Махамбет Өтемісұлының оқулары
Еділ, Жайық екі су
Бұл қазақтың жері еді.
Исатай мен Махамбет
Аруақты туған ер еді...
Бір қазақтың ерлігі
Махамбеттен асты ма?
(Мұрат Мөнкеұлы).
Павлодар қаласы мектептері оқушылары арасында «ІІ Махамбет Өтемісұлының оқулары» болып өтті. Байқау бағдарламасы үш бөлімнен «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын», «Ұлы арман», «Тартынбай сөйлер асылмын».
Осы сайысқа біздің № 36 – мектептен 6 «А» сынып оқушысы Котельников Артем қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Оны дайындаған мұғалім Алма Жақанқызы Рахметуллина.
Артемді осы жеңісімен құттықтаймыз!
Алма Жақанқызы Рахметуллинаға алғыс білдіреміз!
Директордың ОТЖжО- Г.С.Мантықова
