Наурыз мерекесі
22 наурызда мектеп алаңында Наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі мерекелер өтті. Мерекеге бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушылар,ата-аналар,мұғалімдер,қонақтар қатысты.
Мерекеде балаларға арналған спорттық ойындар, түрлі конкурстар өткізілді, әрбір сынып өз дастарханын жайып, мереке ән-күймен, бимен жалғасты. Наурыз мерекесі көңілді өтті, келген қонақтар алғыстарын жеткізді.
