«Таза аула – таза қала»
Балалар сынып жетекшілерінің бастауымен мектеп аумағын тазалауға шықты. 12 қазан күні мектепте «Таза аула – таза қала» акциясы өтті.
Барлығы бірге және тату жұмыс істеді.
«Бізге осындай тазалық жұмалары» қажет пе? деген сұраққа балалар жағымды жауап берді. Міне сондай жауаптардың бірі:
Полина Шаталова, 7Б сыныбының оқушысы
«Иә біздің мектебіміз басқаларға үлгі болуы үшін қажет. Біз экологиялық мектепте оқимыз ғой, сондықтанда біз барлық жағынан тәртіп сақтауымыз қажет: «өз ішімізде де, сыртымызда да».
Бізді алда «Біз бірге – күштіміз! Барлығымыз әдемі істейміз!» ұранмен акциялар күтіп тұр.
