5-ші қазанда Астана қаласында мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша өзге ұлт балалары мен жастары арасында «Мемлекеттік тіл-мәртебеміз!» республикалық байқау өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: өзге ұлт балалары мен жастардың мемлекеттік тілді үйренуіне жағдай жасау, шығармашылық қабілеттерін анықтау мен дамыту және мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді насихаттау
Тіл сайысына қатысқан №36 орта мектебінің оқушысы - Котельников Артем ІІІ-орынға ие болды.
….. Жиналды бұл сайысқа барша бүгін
Ұлықтап қазағымның ана тілін
Топтан озу мақсатым болса да
Тілді оқып, үйрену ол міндетім,
Бұл сайыста бақыттым жанса
Бөлеймін жақсылыққа бар елімді
Білемін оған өзім сенерімді
Жиналған бұл сайысқа бар халыққа
Бас иіп бердім міне,сәлемімді! -деп
байқаудың бірінші шарты бойынша ол өзін-өзі таныстырып,
көпшілікті бір серпілтіп тастады.
Келесі сайыс шарты бойынша сұрақ-жауап кезеңі өтті.Сайысқа жақсы дайындықпен келгенін тәнті етті.
Бұдан кейін көркем сөз сайысы (кез келген шығармаларды оқу қажет) Махамбет өлеңдерін нақышына келтіре айтты деп бірден айта аламын.
4-ші сайыс қатысушы кез келген мултьфильмнің үзіндісін қазақ тілінде дыбыстық өндеу қажет болатын. Бұл сайыста да өзінің орындаушылық шеберлігімен, сезімділігімен Артем жұртшылықтың көзіне түсті.
Ең соңғы сайыс «Қазақ жігіттері» әнді орындаған Котельников Артемнің өнеріне жұртшілік риза болды.
Осы шараға оны дайындап, осы жетістіктерге жеткізген, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Рахметуллина Алма Жақанқызына алғысымызды білдіреміз.
