Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардан Қазақстан халқына жолдауын«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты саласы» жолдауының, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге қатысты бөлігін, Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің бекіткен азаматтарды әскери қызметке шақыртуды өткізу және дайындаудың кешенді жоспарын орындау мақсатында Павлодар облысының қорғаныс істері бойынша департаменті 2012 жылғы 25 қазанда №6679 әскери бөлімде әскерге шақырылушылар күні өткізілді.
Біздің мектептің 10-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен және АӘДЖ оқытушысы осы мерекеге шақырылды, бізді әскери қызметкерлердің қызметімен және тұрмысымен, әскери техникамен, қару-жарақ түрлерімен таныстырды. Төбелес түрлерін және кинологтардың иттермен жұмыстарын көрсетулері, БТР жүргізуші болу өте қызықты болды.
Концерттен кейін, әскердің ботқасының дәмін татып көрдік, Өте дәмді!!!!
№6679 әскери бөлімнің командиріне және Қазақстан Республикасының әскери жоғары оқу орындарына оқуға түсуге кәсіби бағдар берер алдында бізге қажетті осындай шараға және дайындыққа қатысушылардың бәрі үлкен рахмет. Бәрі өте керемет болды!
№ 36 ЭБЖОБББМ ұжымы және оқушылары
