Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Қазақ тілі сабағын құзыреттілік тұрғыда ұйымдастыру
02-11-2012 07:11
Қазақ тілі сабағын құзыреттілік тұрғыда ұйымдастыру

     31 қазан күні біздің мектебімізде облыстық семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты –  әдістемелік бірлестігіміздің тақырыбы негізінде  қазақ тілі сабағын құзіреттілік тұрғыда ұйымдастыру. Осыған орай мектебіміздің  оқу ісінің меңгерушісі Матыкова Гүлмира Сақтайқызы «Қазақ тілі сабағын құзыреттілік тұрғыда ұйымдастыру» тақырыбында баяндама оқыды.Мұғалімдері Джахаева Гүлнара Жаксылыққызы мен Шахметова Райхан Сапарғалиқызы  ашық сабақтар көрсетті. Ашық сабақтарға 7 «Б» сыныбы мен 6 «Б» сынып оқушылары қатысты . Аталған сыныптардың оқушылары ұзтаздарының еңбектерін ақтап, сабақта белсенділік танытып отырды.

   Сыныптан тыс іс-шарада «Балауса» қалалық сайысының жеңімпаздары, «Әй, жарайсың!» сайысының жеңімпаздары мен мектебіміздің мақтанышы Котельников Артем өз өнерлерімен көрермендерді таң қалдырды. Сыныптан тыс іс-шараны ұйымдастырған Дощанова Қаламқас Болатханқызына ризашылығымызды білдіреміз.

    Өткізілген семинар барлығының көңілінен шықты. Семинарға келген әрбір мұғалім өздеріне түйіп алатындай тың дүниелер алды деген сенімдеміз.

    Семинарға өз үлестерін қосқан әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдеріне алғасымыз шексіз.