"Мемлекеттің болашағы жастардың қолында!"IV облыстық құрылтай
30 қараша Катаев атындағы Оқушылар Сарайында "Мемлекеттің болашағы жастардың қолында!" IV облыстық құрылтай өтті. Оған біздің облыстың 12 ауданынан 300-астам оқушы қатысты. Құрылтай екі жылда бір рет өткізіледі. Қызыққа толы бағдарлама,бір-бірімен танысу, ең бастысы съезд шешімінің жобасын қабылдау. Біздің мектептің жоғары сынып оқушылары кеңесінің көшбасшылары съезге қатысып қана қоймай "Қонақтарды қарсы аламыз" акциясын өткізді.Қонақтарды көңілді қарсы алды. Аға вожатый С.С.Сулейменова "Қамқорлық" пікірталас алаңына қатысты. Барлық ұсыныстар және жобалар екі жыл бойы жүзеге асырылады, ал келесі құрылтайда қорытындысы шығарылады.
