Жаратылыстану-математика апталығы
Мектепте 3 желтоқсаннан бастап, дәстүрлі түрде жаратылыстану-математика апталығы басталды.Апталықтың басталуы - нағыз мереке, себебі оқушылар үшін, ұзақ уақыт естерінде қалатындай түрлі қызықты сыныптан тыс шаралар өткізіледі.
Жаратылыстану-математика мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі С.К.Ергалиева өзінің әріптестерімен бірге бәрін жақсылап ойластырған. Мектепте 6-сынып оқушылары үшін "Математикалық поезд" атты сыныптан тыс шара өткізілді (математика мұғалімі М.Х.Садуакасова), ойын өте қызықты өтті. Ойын нәтижесінде келесідей жеңімпаздар анықталды:
1-орын 6Г сыныбы
2-орын 6Б сыныбы
3-орын 6В сыныбы
