Құтқарушы күніне
17 қазанда Құтқарушы күнін тойлау қарсаңында № 36 ЭБЖОБББМ 7Б сыныбының жас өрт сөндіруші дружинасы, Павлодар облысының төтенше жағдай Департаментіне салтанатты іс-шараға шақырылыды.
Павлодар қаласының ТЖБ ОГПК бас инженері Е.В.Назарчук-Глуховоймен Департамент бойынша кішігірім экскурсия жүргізілді. Қыздарға бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет (112, 101), ахуалдық зал және кіші-мұражай көрсетілді, "Орталық байланыс пунктінің жұмысы" тақырыбына дәріс өткізілді.
Дружина мүшесі Зарина Қуанышбаева "Девочка из Казахстана" әнін орындап берді, содан кейін Альмира Сағындықовамен, Камила Дүйсеновамен және Айдана Смагуловамен "Атамекен" патриоттық әні орындалды, залда барлығы қыздарға қосылды.
