Лагерьдің ханымы мен мырзасы -2013. Лагерь ауысымының жабылуы
Күннен күнге лагерлік өмір қызықты әрі жарқын оқиғаларға толы болды. Осы күннің ең басты оқиғасы лагерьдің ханымы мен мырзасын таңдау болды. Керемет түрленулер, әдемі костюмдер, әрбір отряд өкілдерінің көріністері осы мерекеге қатысып отырған барлығымыздың көңілімізде өшпес ізін қалдырды. Жұптар сан-алуан тапсырмаларды орындады, өздерінің ептіліктерін, тапқырлықтарын көрсетті, шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Бүгін лагерь ауысымының қорытындысы шығарылды. Әрбір бала тәтті сыйлық және біздің мектептің лагерінің 2-ауысымына шақырту алды.
Бұл күн, жалпы 2013 жылғы лагердің 1-ауысымы біздің есімізде мәңгі қалады.
