13 қыркүйек күні 5-6 сынып оқушылары арасында "Тілдер күні" мерекесіне арналған "Ертегілер әлемінде" сайысын қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Маукенова Р.Е. мен Шахметова Р.С. ұйымдастырды.Сайыстың негізгі мақсаты - мемлекетімізде тұратын ұлт өкілдерінің тілдеріне құрметпен қарау. Сайыста өздерінің әділ бағаларын беріп, төрелік еткен музыка пәнінің мұғалімі Т.Н.Звонцова, қазақ тілінің мұғалімдері А.Т.Конкаева, З.А.Баекеева. Мектептің 6 сыныбы өздерінің өнерлерін көрсетті: 1) 5 "А" - "Глупый волк" (орыс тілінде) 2) 5 "Б" - "Мақта қыз бен мысық" (қазақ тілінде) 3) 5 "В" - "Репка" (орыс тілінде) 4) 6 "А" - "Репка" (ағылшын тілінде) 5) 6 "Б" - "Теремок" (қазақ тілінде) 6) 6 "В" - "Колобок" (орыс тілінде) Сайыстың қорытындысын шығарған кезде мынадай орындар берілді:
1 орын - 5 а, 6 а
2 орын 6 в, 5 б
3 орын 5 в, 6 б
Сайысқа қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.
