2013 жылдың 27 қыркүйегінде Павлодар қаласының М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында "Отандық білім беру саласын жаңғырту жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын арттыру" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аймақтық форумы өтті.
Форумның ашылуында облыс әкімі Е.М. Арын залды отырған қонақтарды, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерін құттықтап, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын, әсіресе оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде, қала мен аудандардан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жұмысын қамтамасыз ету керектігіне тоқталды.
Сонымен қатар, форумда өз жұмыстарында ақпараттың технологияларды белсенді қолданатын Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесі таратылды.
Біз №36 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері осы форумды тамашалап қайттық. Мұндай маңызды нәтижелі форум жылына бір рет өткізілетіне кәміл сенеміз. №36 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті ұжымы.
