Құттықтаймыз!!!
26 қараша күні "Оқушылар сарайында" облыс көлемінде "Ертіс дарыны" ұйымдастырған өлеңдер сайысы өтті. Сайыстың негізгі мақсаты "Президент күніне" орай Ел басымызға арнап өлеңдер құрастыру. Сайыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде атақты ақындардың өлеңдерін мәнерлеп айту болса, екінші кезеңде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа арнау өлең құрастыру. Біздің мектебімізден 8 "А" сынып оқушысы Шкулова Настя орыс тілінде бірінші бөлімге қатысса, екінші бөлімге 10 "А" сынып оқушысы Никитин Егор қазақ тілінде өз шығарған өлеңімен сайысқа түсіп, "Сөз маржан - жаһұт жыр" номинациясына ие болды. Дайындаған мұғалімі Джахаева Гүлнара Жақсылыққызы мен Никитин Егорды шын жүректен құттықтаймыз!!!
