Ата-аналар жиналысы
23-қаңтар мектептің барлық сыныптарында бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Мектепті бітіретін барлық сыныптарда әкімшілік мүшелері сөз сөйледі және пән мұғалімдері қатысты. Оқыту және тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Ата-аналар сынып жетекшілеріне көмектесуге келісімдерін берді. Сонымен қатар Павлодар қаласының оқу орындарынан шақырылған қонақтар кәсіби бағдар беру мәселесі бойынша сөз сөйледі.
