Бірінші сынып оқушыларына экология туралы
Осы аптада бірінші сынып оқушылары өздерінің ата-аналарымен бірге мектептің экологиялық мұражайында болды. Жас экскурсоводтар (6-7 сынып оқушылары) балаларды мектеп мұражайының жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды, туған өлкенің табиғаты туралы айтты. Бірінші сынып оқушылары көп әсер алды.
