"Знакомые незнакомцы" турнирінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!
18-наурыздан бастап, біздің қалада балалар кітаптарының апталығы өтуде. Осы апталық аясында біздің мектептің кітапханасында 3-4 сынып оқушыларымен "Знакомые незнакомцы" атты кітап білімпаздарының жарысы өтті. Турнирде балалар өздерінің білетіндерін еске түсірді, жаңадан көп нәрсе үйренді және өздерінің білімдерін көрсетті. Турнир жеңімпаздары Юля Никитина (3"б"), Илья Мухамедьяров (4"б") және Санжар Нұрғазинов (4"в"). Жарайсыңдар!
