Қазақстан Республикасының рәміздерінің күндері
Бүгін бізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Мектеп жанындағы "Ертегілер әлемінде" лагері өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының гимнің орындаумен бастады. "Сен Қазақстан Республикасының рәміздерін білесің бе?" викторинасында балалардың әрқайсысы Қазқастан Республикасының рәміздері туралы өз білімдерін көрсетті. "Менің Отаным" суреттер конкурсында өздерінің шығармашылық қабылеттерін және отанға деген патриоттық сезімдерін көрсетті.
