Астана күні!
Бүгін біздің елордамыз Астананың -Күні. "Ертегілер әлеміндегі" мектеп жанындағы лагерь өз күнін Қазақстан Республикасының әнұранын орындауымен бастады."Менің Елордам" атты асфальтта суреттер конкурсында әрқайсысы өздерінің шығармашылықтарын және Отанға деген патриоттық сезімдерін жеткізді. "Колос" балалар ойын-сауық орталығында балалар "Қымбатты менің Астанам" атты қойылымға қатысты. Күніміз балалардың қазақ ұлттық ойындарына қатысуымен аяқталды.
Күніміз сәтті өтті!
