Жас волейболисттер, алға!
2 қазанда жас волейболисттер арасында Арнайы денешынықтыру дайындығы бойынша мектептік жарыстар өтті. Жарыстың жеңімпаздары: 7-8 сыныптар арасында Гүлнара Гусейнова, 6 сыныптар арасында Лиза Левкеш және Алина Шаповалова, 4-5 сыныптар арасында Никита Павлов болды. Құттықтаймыз және алда сәттілік тілейміз!!!
