Экологқа қабылдану
19 желтоқсанда біздің мектепте 1 "А" және 1 "Б" сынып оқушыларының жас экологқа салтанатты қабылдануы өтті. Мектептік "Родник" экологиялық клубының жоғарғы сынып оқушылары балаларды қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі туралы ойға әкеліп, қызықты қойылымдар көрсетті, жұмбақтар жасырды.
Қызықты, танымды іс-шарадан кейін бірінші сынып оқушылары үшін мектептің экологиялық мұражайына экскурсия өткізу, мұнда мұражай жетекшісі Людмила Васильевна Данилова жоғарғы сынып оқушыларымен бірге Павлодар облысының экологиялық мәселелері туралы айтты. Біздің бірінші сынып оқушыларымыз бұл іс-шараны көпке дейін ұмытпайды.
