Оқи білген қандай жақсы!
№ 36 ЭБЖОБББМ кітапханасының оқырмандары одан да көп болды, оқырман санының өсуі бірінші сынып оқушыларының арқасы. 22 желтоқсанда мектеп кітапханасында 1 "В" және 1 "Д" сынып оқушылары үшін "Оқырманға қабылдану" өтті. Бізідің бірінші сынып оқушыларымыз көп оқиды және көп біледі екен, сонымен қатар олар белсенді, әрі тәртіпті оқырман болуға дайындалып жүр екен. Бірінші сынып оқушыларымыз викторина, көңілді ойындар, тіпті "Оқырман анты", осылардың барлығына олар белсенді қатысты.
