Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды болдырмау аясында 5 желтоқсанда № 36 ЭБЖОБББМ 2-8 сынып оқушылары үшін "Күзгі-қысқы кезеңде судағы тәртіп ережелері", сондай-ақ "Үсіп қалу кезіндегі тәртіп ережелері" тақырыптары бойынша бейне сюжеттердің көрсетілуімен, дәріс-диалогы өтті. Іс-шараны өткізу үшін медициналық-психологиялық отряд құтқарушысы А.О.Фургонов шақырылды.