Бір апта ішінде Халықаралық психикалық денсаулық күніне арналған (2016 жылғы 5-10 қазан аралығында) мектеп психологтарымен оқушылардың психикалық (психологиялық) денсаулықтарын сақтауға бағытталған, бірқатар іс-шаралар өткізілді. Өзін-өзі ашу, сыныпта ұжымның ынтымақтастығы, күйзеліске төзімділікті арттыру және эмоционалды-тұлғалық аяны дамыту мақсатында 7-11 сынып оқушыларымен "Таста да ағаш өседі" тақырыбында тренингтер өткізілді. Балалар табиғи материалдармен (тас, ағаш) жұмыс істеді, ассоциациялар ойлап тапты, "шекаралар" құрды, кедергілерді жеңді, "тастар бақшасын" жасады, өз ағашының бейнесін салды. Тренингте біздің мектептің 123 оқушысы қатысты. 8 сынып оқушыларымен жасөспірімдерге арналған Дағдарыс Орталық психологы В.Ю.Шамсутдиновамен бірлескен психикалық денсаулық тренингі өтті. ал кішкентай оқушыларымыз арттерапевтік жаттығу арқылы өз шығармашылық қабілеттерін дамытумен айнадлысты.