Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 66-12-63
Мекенжайы: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 51
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 18
Всего проголосовало: 307
Смотреть результат
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Павлодар қаласы №36 ЭБЖОБББМ және РОӘОМБ «Ертіс дарыны» бірлескен дөңгелек үстел
13-10-2016 07:39
Павлодар қаласы №36 ЭБЖОБББМ және РОӘОМБ   «Ертіс дарыны» бірлескен дөңгелек үстел
20161011_161314 20161011_170109 2016 жылдың 11 қазанында Павлодар қаласы №36 экологиялық бағытта жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде аймақтық оқу-әдістемелік қосымша білім беретін «Ертіс дарыны» орталығымен бірлескен «Жалпы орта білім беру мектебінде балалар дарындылығын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұнда лицей сыныптарының оқушылары, ата-аналар, ұстаздар шақырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды зерттеу жұмыстарына, интеллектуалдық олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына баулу, сонымен қатар, ата-аналардың да қызығушылықтарын арттыру. Дөңгелек үстел жұмысына РОӘОМБ «Ертіс дарыны» директоры Г.К.Турсунов, орталық мамандары А.Л.Мұхамеджанова, Ж.К.Абаильдинова, «Жалын» олимпиада резервтерінің жаттықтырушысы Б.Н.Горшаков қатысты. Кездесу барысында дарынды балалар іс тәжірибесімен алмасты. Ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша директордың орынбасары Н.В.Копыльцова оқытудың инновациялық формасын дамытуда мектептің жұмыс жүйесіне тоқталды. «Ертіс дарыны» директоры Г.К.Турсынов орталықтың жұмысымен таныстырды, орталық қызметшілері оқушылардың интеллектуалды сайыстары бойынша жан-жақты түсінік берді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге арнайы мектеп оқушылары, олимпиададан, ғылыми жобалардан жүлделі орын алған оқушылар қатысып, ата-аналармен, оқушылармен, мектеп ұстаздарымен өз жетістіктерін бөлісті. Назарбаев Университетінің студенті, химия пәні бойынша республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпазы Мұрат Тлеуханов өз жетістіктерімен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға тапсырмаларды іріктеуде жеке жоспарларды қарастыруды, сабақ тақырыптарын анықтау, олимпиада тапсырмаларын қолдану, тереңдетуге арналған тапсырмаларды қолдану керектігіне көңіл бөлінді. «Қоғам барлық уақытта дарынды, талантты балаларды қажет етеді. Өз қабілеттерін біреудің көмегінсіз тарату бәрінің қолынан келе бермейді. Бірінші кезекте дарынды балаға отбасы және мектеп қамқорлық жасау керек. Отбасының міндеті – баланың қабілетін байқау, көру, мектептің міндеті – балаға қол ұшын беру және оның қабілетін дамыту» - дейді мектеп директоры З.Ахмадова.