Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Қорғаныс кубогы
11-10-2016 07:28
Қорғаныс кубогы
Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдық аясында серіктестікті тәрбиелеу, Қазақстан азаматын, отансүйгіш оқушыларды даярлау, Қарулы күштерінде қызмет ету дағдыларды жетілдіру, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру, дамыту, күш, төзімділік, салауатты өмір салтын насихаттау барысында қалада "Қорғаныс Кубогі» әскери-спорттық эстафетасы өткізілді. 2016 жылдың 5 қазанында №19 мектеп қабырғасында сайыстың іріктеу кезеңі өтті. Сол байқауда № 36 мектеп командасы жақсы дайындығымен көзге түсіп, финалға жолдама алды. 8 қазанда Кенжекөл орта мектебінде қалалық "Қорғаныс Кубогі» әскери- спорттық эстафетасы болып өтті. №36 мектеп командасы мұнда да жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жеке сынақта қыздар арасында 9 «А» сынып оқушысы Ненашева Екатерина І орынды алды, ал ұлдар арасында 9 «в» сынып оқушысы Пеннер Андрей ІІ орынға қол жеткізді. Біздің мектепте бұл жетістік бірінші жыл емес, өз ісінің шебері АӘД мұғалімі Н.А. Липин жылда оқушыларды осындай сайыстарға дайындап отырады, сондықтан да біздің мектеп оқушылары әскери- спорттық сайыстарда жақсы нәтиже көрсетеді. Сонымен қатар мектеп командасы және Ненашева Екатерина, Пеннер Андрей, Николай Александрович Липин "Ардагерлер мен мүгедектер, Ауған соғысы және жергілікті соғыстар Павлодар қ. және Павлодар облысы» қоғамдық қорынан алғыс хатпен марапатталған. Н.А. Липин «Нұр Отан» партиясын қолдап азаматтық белсенділігі және үлкен үлес қосқаны, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені үшін марапатталған. Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз! Жаңа жетістіктерге жетіп, белестерден көрінулерін тілейміз. Алға, тек қана алға!