3 қазан күні "Достық" үйінде Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, құрмет граммоталарымен марапаттады. Соның ішінде біздің мектептің ұлағатты ұстазының бірі Маукенова Раушан Елубайқызы да бар. Ұстаздық жолда ерінбей еңбек етіп, қаншама шәкірт шығарған Раушан Елубайқызын қала әкімі құрмет грамотасымен марапаттап, ақшалай сыйақы ұсынды. Осындай жетістігімен мектеп ұжымы Раушан Елубайқызын құттықтайды. Еңбегіңіздің жемісін көріп, шығармашылық биіктерден көріне беріңіз.