Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: 140000, г. Павлодар, ул. Шевченко 1
8 (7182) 61-30-12 (приемная)
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 16:00 - 18:00, Пятница 9:00 - 12:00
Цель посещения сайта?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Неделя языков
02-10-2016 02:22
Неделя языков
19 -23 қыркүйек аралығында біздің мектепте тілдер апталығы өтті. Өткізілетін іс-шаралар аптаның әр күніне жоспарланды, пән мұғалімері мен оқушылар жауапкершілікпен келді. Апталық барысында келесі тармақтарға баса назар аударылды:
  • орыс тілі пәніне барынша көп оқушыларды жұмылдыру;
  • оқушылардың жетістіктерін марапаттау.
5 сынып оқушылары жұмбақтарды шешкенде барынша қызығушылық танытты. Үйде өздерінің жұмбақтарын құрастырып, олардың шешуіне суреттер салып келді. Оқушылардың ішінде 5 «А» сынып оқушылары Қайролла Әйгерім мен Кузнецова Анастасияның суреттері қызықты әрі әдемі болып шықты. 6 сынып оқушылары «Грамотеи» айдарында өз білімдерін шыңдады. Орыс тілі пәні бойынша өздерінің білімдерін көрсетті. 6 «А» сынып оқушылары жеңімпаз атанды. 7 сыныптар арасында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. 7 сынып оқушылары сайысқа жақсы дайындықпен келді. 8 сыныптар арасында орыс тілі пәні бойынша «Своя игра» сайысы өткізілді. Оқушылар пән бойынша жақсы білімдерін көрсетті, қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешті. 8 «Г» сынып оқушылары жеңімпаз атанды. 9 сынып оқушылары С.Есениннің, И.Буниннің, А.Ахматованың, М.Цветаеваның, А.Пушкиннің, Н.Зоболоцкийдің, В.Брюсовтың шығармалырын мәнерлеп оқып, актерлік қырларын көрсетті. 9 «А» сынып оқушысы Ковальчук Александр 1 дәрежелі дипломмен, 9 «Б» сынып оқушысы Жакиянова Карина 2 дәрежелі дипломмен, ал 9 «А» сынып оқушысы Слепынина Екатерина 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. 10-11 сынып оқушылары арасында В.Маяковскийдің, С.Есениннің, И.Буниннің, А.Ахматова мен М.Цветаеваның өлеңдерін актерлік шеберлікпен мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Оқушылардың арасында ең үздігі 11 «А» сынып оқушысы Цвик Анастасия көзге түсті. 5-9 сынып оқушылары арасында «Открой рот» шарасы ұйымдастырылып, онда оқушылар орыс, ағылшын, неміс, қазақ тілінде белгісіз үзінділер оқыды. Оқушылар тілдерден жақсы көрсеткіштер көрсетті. 6 «А» сынып оқушылары Хамова Диана мен 9 «А» сынып оқушысы Ковальчук Артур жеңімпаз атанды. image001 56b5381e5e688