Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: 140000, г. Павлодар, ул. Шевченко 1
8 (7182) 61-30-12 (приемная)
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 16:00 - 18:00, Пятница 9:00 - 12:00
Цель посещения сайта?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Тілдер апталығы
28-09-2016 06:01
Тілдер апталығы
22 - қыркүйек Тілдер апталығында 4 –сыныптар аралығында « Тіл білгірлері» атты сайысы өткізілді. Тілдер айлығы барысында 4-сыныптар аралығында «Тіл білгірі» зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан оқушыларға олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір-қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру, ағылшын тілі мемлекеттік білім беру стандарты бойынша алған білім деңгейін тексеру. Сайысқа әр сыныптан 3 оқушыдан 2 топ қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1-кезең «Сөз тапқанға». Бұл кезеңде оқушылар әріптің артында жасырынған сұрақтарға жауап беру керек. 2-кезең «Шешуін тап». Бұл турда сайыскерлер 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек. 3-кезең «Кім жылдам?». Мұнда берілген сөздерді қимылмен көрсету керек. 4-кезең «Қызықты ұйқастар». Бұл кезеңде жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады. 5-кезең «Сөздерді аудар». Тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шапшаңдық дағдыларын қалыптастыруға және сайыскерлердің жас ерекшеліктеріне сай құрастырылған. Әр топ берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сайыс қорытындысы бойынша Жұлдыздар тобы командасы өздерінің алғырлығымен жеңіске жетті. Сайыс өз дәрежесінде өтті. %d0%b0%d0%b0%d0%bf%d0%b0