2016 жылдың 21 қыркүйегінде 9 сыныптар арасында мектепте тілдер мерекесіне арналған
«Алтын қақпа» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа 9 «а», «б», «в», «г» сынып оқушылары қатысты. Сайыс 4 турдан тұрды.
Мақсаты: Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Ойынның шарты: Жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру. Ойын ІV турдан тұрады: «Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа», «Алтын сандық». Сайыстың мазмұны салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып, ұлы ақын-жазушыларға және тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сұрақтармен қамтылды. [caption id="attachment_2725" align="alignnone" width="300"] "Алтын қақпа" интеллектуалдық ойыны[/caption]

Сайыста оқушылар жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.